«Ақтөбе қаласының №5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Қош келдіңіздер!

ҚР, Ақтөбе қ., Гастелло көшесі 51

45-82-86

'mid_menu','menu_class' => 'mid-menu')); ?>

Жалпы тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты: рухани байлықты, моральдық тазалықты, дене бітімін жетілдіруді, бәсекеге қабілеттілікті, прагматизмді, ұлттық сәйкестікті, білімнің табынуын, эволюциясы мен сана-сезімінің ашықтығын, әлеуметтік рөлдердің жүйесін толықтай орындауға қабілетті, XXI ғасырдың лайықты өмірін қалыптастыруға қабілетті жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы,  ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуір № 145 бұйрығымен бекітілген  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шаралар жоспарын,ҚазақстанРеспубликасыБілімжәнеғылымминистрінің2020жылғы  12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері, 2021-2022 жылдарға арналған әдістемелік нұсқаухатын  басшылыққа ала отырып құрылды.

Тәрбие жұмысы Тұжырымдамада көрсетілген төмендегідей бағыттар бойынша жоспарланып, жүргізілді:

  1. Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие ;
  2. Рухани-адамгершілік тәрбие;
  3. Ұлттық тәрбие;
  4. Отбасылық тәрбие;
  5. Еңбек тәрбиесі, экономикалық және экологиялық  тәрбие;
  6. Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;
  7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;
  8. Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Мектепте 1-11 сынып аралығында 51 сынып комплектісі бар.

Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие бағыты бойынша келесі шаралар өткізілді: 1 қыркүйек күні 1-сыныптар үшін Алғашқы қоңырауға арналған «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиын өтті.

2-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді.

16 қыркүйек күні Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 7-сыныпта “Тәуелсіздік жетістіктері” атты ашық тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Ашық тәрбие сағатына қонақ ретінде ақын, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі, жұбантанушы Үзілдік Елеубайқызы қатысты. Сонымен қатар, 9 “А” сыныбында “Тәуелсіздік жетістіктері” (спорт тақырыбында) атты бірегей сынып сағаты оздырылды.

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік – тұғырым!», «Болашаққа жол ашқан – Тәуелсіздік», «Тәуелсіз елім – Қазақстан», «Тәуелсіздік белестері» атты ашық тәрбие сағаттары өтті, мектеп кітапханасында «Тәуелсіздік – таң нұрым. Желтоқсан желі» атты әдеби көркем кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 4 «А,Ә», 9 «А» сынып оқушыларына көрмеге библиографиялық шолу өтті. Мектеп тәлімгері Базарбаева Балжан құттықтау флешмоб  ұйымдастырды.

Алғашқы әскери  дайындық пәнінің мұғалімі Сәндібек Мейрамбай 10-сынып оқушылары арасында «Бүгінгі шәкірт – ертеңгі Отан қорғаушы» атты әскери-патриоттық сайыс өткізді.

Қоңырау үнi. Бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады. Соңғы қоңырау – осындай қимас қоштасу әуенi сәтiмен ыстық.
25 мамыр күні «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиыны өтті. Биыл мектепті 26 түлек аяқтады.

Құқықтық тәрбие

7 қыркүйек күні мектебіміздің инспекторы Жунусов С. кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі және балалардың қатысуымен болатын жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіді.

8 қыркүйек күні жол жарақатын болдырмау және алдын алу мақсатында “Назар аударыңыз, балалар!” атты жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде мектеп инспекторы С.Спашевтың қатысуымен бастауыш сынып оқушыларымен “Менің мектепке баратын жолым” тақырыбында практикалық сабақтар өткізілді.

22 қазан күні мектебімізде zoom платформасы арқылы ата-аналар жиналысында оқушылардың сыртқы киімдерін және оқу портфельдерін, рюкзактарын жарық шағылыстыратын стикер элементтерімен қамту, күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері сұрақтары қарастырылды.

Қарашаның 6-сы күні ата-аналар жиналысында келесі сұрақтар талқыланды: мектептің ішкі тәртіп ережелері, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, оқушылардың жол қауіпсіздігі ережесі (сыртқы киімдерін және оқу портфельдерін, рюкзактарын жарық шағылыстыратын стикер элементтерімен қамту).

«Жас полиция» тобының жұмысы жоспарлы түрде жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Парасатты ұрпақ», «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ», «Ақжайық – адалдық алаңы» атты стендтері жасақталды.

«Адал ұрпақ» еріктілер клубы құрылып (бұйрық 2-4/№13§3, 07.09.2021 ж.) іс-шаралар жоспары жасақталды.

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелері ұйымдасқан түрде мектебімізде жүйелі түрде түрлі іс-шаралар атқарып тұрады. Атап айтсақ, «Шынайы және сатылмайтын еңбек» оқушылар арасында суреттер байқауы, «Арынды жасынан сақта», «Тәртіп – тәрбие бастауы» тақырыбындағы сынып сағаттары.

Мектеп кітапханасында бұрыш ұйымдастырылды. Бұрышта газеттерден алынған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалалар жиынтығы, суреттер көрсетілген.

Балалар мен жастарға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру

Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық – зомбылыққа қарсы іс – қимыл және жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі мәселелерін шешу жөніндегі 2020 – 2023 жылдарға арналған іс – шаралар жоспары жүзеге асыру мақсатында мектебімізде 2021-2022 оқу жылына жоспар құрылып, жоспар бойынша келесі іс-шаралар оздырылды:

Оқушылардың өмір құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында, 2021 жылдың қазан айында «Өмірлік мақсат қою және оған жету дағдылары!», «Зиянды әдеттерден аулақ бол!», «Буллинг, кибербуллинг», «Біз бақытты баламыз» тақырыптарында әлеуметтік – психологиялық сүйемелдеу іс-шаралары өткізілді.

04.11.2021 ж.  «Оқушылар арасындағы буллинг, кибербуллинг пен суицидтің алдын алу, зорлық –зомбылықтан қорғау» атты психологиялық семинар-тренинг өтті. Қатысушылар: 1-11 сынып сынып жетекшілері.

Мақсаты: Жасөспірім кезеңіндегі кездесетін буллингтің түрлерін, себептерін анықтау, қиыншылықтардың және суицидке итермелейтін жолдардың алдын алу, буллинг туралы ақпаратты кеңейту. Тұрмыстық зорлық –зомбылықты алдын алу.

Қарашаның 6-сы күні ата-аналар жиналысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау сұрақ қарастырылды.

Мектеп психологтары Батыргалиева А.А. Жақсылық А.А 4-6 сыныптар арасында «Біз өмір мен достықты бағалаймыз!» тақырыбында тренинг-сабақ жүргізді. Мақсаты: оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау, достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету.

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың және қылмыспен күрес бойынша жұмыстарды талдау

«Күшті жақтары» «Әлсіз жақтары»
-психологиялық-педагогикалық алдын алу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізіледі – Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың және қылмыспен күрес бойынша мектептің жоспары толығымен орындалды (соңғы үш жылда құқықбұзушылық 0%) -себепсіз сабақтан қалу мәселелері әрдайым уақтылы анықталмайды
«Мүмкіндіктер» «Қауіптер, кедергілер»
-аталған бағыт бойынша жұмысты жүйелендіру – кітапша шығару -ата-аналардың бала тәрбиесін аз уақыт бөлінуі -телефон, интернет желісінің баланың мінез-құлқына әсері

Рухани-адамгершілік тәрбие бағыты. Мектеп кітапханасы Орал қалалық 16 кітапхана филиалымен бірлесіп, 5-сынып оқушыларымен “Бір ел – бір кітап” акциясы, “Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап” рухани – мәдени акциясы ұсынған балалар жазушысы Толымбек Әбдірайым “Алабұға аулаған күн” атты кітабын таныстырып,  оқу ұйымдастырылды.

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында мектебімізде көптеген шаралар өткізілді. Атап айтатын болсақ,  2 бағыт: “Еркін оқу кеңістігі”, “Әжемнің ертегілері” бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер оқуын 4 “Ә” сынып оқушыларымен “Бір сынып – бір ертегі” айдарымен жаңа келген ертегілер: “Менің сүйікті ертегілерім” сериясы – “Кейіпкерлер ғаламшарлары”, “Ғажайыптар мен сиқырлы патшалығы”, “Ертегілер ғаламшарлар” таныстырылып, сыныппен оқу ұйымдастырылды.

Л.Толстойдың «Шауқарғаның су ішкісі келіп еді», «Көктем келді…», «Ең жақсы кім?» кітапшасымен танысып оқу, 1 «А» сынып оқушыларымен кітапханаға саяхат ұйымдастырылды, «Тез оқуды үйренеміз» жылдам оқу марафоны 1 «В» сынып оқушыларымен өтіп, оқушылар орыс халық «Шалқан» еретегісіне театрландырылған көрініс көрсетті.

2-бағыт: “Еркін оқу кеңістігі” (үзіліс кезінде бір меззетте ұжыммен кітап оқуы), Халықаралық Х.Андерсен атындағы, Қазақстан Жазушылар одағының, М.Әуезов атындағы сыйлықтарының иегері, балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың “Жиhангез Тити” (1982) әңгімесіне 5 “А”, 6 “Б” сынып оқушылары 20 минут оқып, эссе жазды.

2-бағыт “Еркін оқу кеңістігі””Әжемнің ертегілері” оқу марафоны “Наурыз” мерекесінде 1 “А”сынып оқушыларының әжелері: Балжұмсақ, Жұпар, Алия қонақта болып, немерелеріне ертегі оқып берді.

3-бағыт – “Кітап оқу арқылы өзін – өзі дамыту” жазушы Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай 9 “Ә” сынып оқушыларымен “Бір сынып – бір кітап” библиофлеш Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармасы, “Ұлпан” романымен танысып, оқу ұйымдастырылды.

3-бағыт – “Кітап оқу арқылы өзін – өзі дамыту””Бір сынып – бір кітап” библиофлеш балалар жазушысы Ескен Елубаевтың туғанына 80 жыл толуына орай 1-4 сынып оқушыларымен “Балалар бағының бағбаны” атты шара ұйымдастырылды.

2-бағыт “Еркін оқу кеңістігі”, “Кітаппен өткен демалыс күндер қызық” кітап оқу марафоны көктемгі демалыс кезінде қашықтықтан кітап оқу ұйымдастырылды. Қатысқан оқушылар: 5 “А” Кайбалдиева Ельнара, Ануарова Ботагөз, 8 “А” Гайсин Қайнар.

Мектеп кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясы, «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынған балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев шығармалары «Жекпе-жек» хиқаяты таныстырылып, 6 «А,Ә» сынып оқушыларымен үзіліс кезінде бір мезетте дауыстап ұжыммен кітап оқу, «20 минут оқы да, 3 минут эссе жаз» ұйымдастырды.

“Оқуға құштар мектеп”,”Әдеби Ақжайық” жобаларының “Кітап оқу арқылы өзін-өзі дамыту” бағыты аясында “Жаныма жақын жағалау” атты әдеби қонақжайдағы сырласу кеші өтті.Кеш қонағы Жайыққа белгілі журналист -жазушы Бауыржан Файзоллаұлы Ғұбайдуллин. Іш-шара мақсаты жергілікті ақын – жазушылардың шығармаларын насихаттау. Мұғалімдер мен оқушылар жазушы шығармаларымен танысып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті, кеш жоғары дәрежеде өтті.

Қазан айының бірінші жексенбісі аталып өтетін ұстаздар күні аясында мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымы «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік концерт ұйымдастырып, жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.Мерекелік шараға ардагер-ұстаздары Голубева А.Д., Авдеева Л.Н., Швейкина Л.И., Саханова А.Х., Саматова С.Ш., Асауп А.З., мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.

«Алғыс айту—парызымыз!» атты 1 наурыз «Алғыс айту» күніне арналған акция өтті.

2 наурыз күні мектебіңіздің жоспарына сай “ҚОЛҒАБЫС” акциясы ұйымдастырылды. 3 – 11 сынып оқушылары арасында бір – бір витаминмен себеттер толтырылды. Содан соң мектебіміздің кіші қызметкерлеріне табысталды, осылайша окушылар атынан алғыс жаудырылса, жекелеген санаттағы окушыларға қосымша көмек көрсетілді! Акцияның мақсаты: оқушыларды мейірімділікке баулу.

8 Наурыз Халықаралық Әйелдер күніне орай 5-7 сынып ұл балалары қыздарға арнап концерттік бағдарламаны дайындап, өз қолымен жасаған сыйлықтарды табыс етті.

8 Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектеп директоры А.Турегалиева мен оқушылар мектебіміздің ардагер ұстаздарды құттықтады.

14 наурыз күні мектебімізде “Көрісу айт” мерекесі аталып өтті.

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1-2 сынып оқушылары арасында «Достығымыз жарасқан», 3-4 сынып оқушылары арасында “Біздің қалауымыз бейбітшілік!” такырыбындағы суреттер көрмесі, 7-8 сынып оқушылары арасында «Бейбітшілік – ел тілегі» атты достық фестивалі өтті.

14 наурыз күні 8-10 сынып қыздары үшін қалалық 2 емхананың салауатты өмір салты бөлімінің дәрігері Л.Н.Макеевамен кездесу ұйымдастырылды.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы жыныстық қолсұғушылықтың және зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар және оқушылар үшін жаднамалар таратылды.

4-11-сынып оқушылары арасында ІІД-мен бірлесіп анонимді сауалнама өткізілді. Мақсаты: оқушылар арасында, мектепте, көшеде немесе басқа да орындарда бопсалау декректерін анықтау. Қатысқан оқушы саны: 365 оқушы.

“Біз өмір мен достықты бағалаймыз!” 4-6 сыныптар арасында тренинг-сабақ жүргізілді. Мақсаты: Оқушылардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым-қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету. Қатысқан оқушы саны: 214.

Балалар мен жасөспірімдердің теріс діни ағымдарға тартылуының алдын алу шаралары: 31 қаңтар күні 9-11 сынып оқушылары Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушысы Куан Армат Досқалиұлымен, АТТ мүшесі, БҚО дін істері басқармасының дінтану сараптамасы, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің басшысы Мукателов Джанибек Алибековичпен кездесті.

Ұлттық тәрбие. Наурыз мерекесіне орай мектебімізде «Ұлттық ойындар», “Ұлттың киімдер”, «Ұлттық тағамдар» күндері өтіп, “Ұлттық қолөнер – Ұлы мұра” атты қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. “Шырқа, шырқа, қазақ әндері!” атты концерт өтті. Концертте қазак халық әндері мен “Ана туралы жыр”, “Атамекен”, “Мәңгілік ел”, “Еділ мен Жайық”, “Ана туралы баллада”, “Аяулы анам”, “Егемен ел – Қазакстан” әндері орындалды.

18 мамырда Халықаралық музей күніне орай мектебіміздің 5 «Ә», 5 «Б», 5 «В» сыныптары сынып жетекшілерімен бірге Облыстық Рухани жаңғыру, Тарихи өлкетану музейлерге барып келді. Оқушыларға музейлердегі экспонаттар таныстырылды. Оқушылар музей тарихымен, тіпті қызықты экспонаттарды қарауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар музейлерге Семей, Түркістан қалаларының музейлерінен әкеліп қойылған көрмені тамашалалды.

Отбасылық тәрбие. 22 қазан күні мектебімізде zoom платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар жиналысында қаралған сұрақтар: мектеп директорының бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы туралы есебі, оқушылардың сыртқы киімдерін және оқу портфельдерін, рюкзактарын жарық шағылыстыратын стикер элементтерімен қамту, күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Қарашаның 6-сы күні мектебімізде ата-аналар жиналыстары өтті. Жиналыстың күн тәртібінде келесі сұрақтар талқыланды: 2021-2022 оқу жылының I тоқсан қорытындысы, мектептің ішкі тәртіп ережелері, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, оқушылардың жол қауіпсіздігі ережесі (сыртқы киімдерін және оқу портфельдерін, рюкзактарын жарық шағылыстыратын стикер элементтерімен қамту). Жиналысқа мектеп директоры Турегалиева А.З., мектеп психологтары Сакауова К.Г., Жумабаева М.У. қатысып, ата-аналарға кеңес берді. Сынып жетекшілер ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

24 желтоқсанда жылпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде  2021-2022 оқу жылындағы қаржылық мәселелердің жағдайын ақпараттандыру, оқушылардың білім беру ұйымындағы тәртіп ережелерінің сақталуы, құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік шараларын қадағалау, демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері  деген сұрақтар қарастырылыды. Жиналысқа мектеп директоры А.Турегалиева, С.Спашев қатысты.

8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған “Асыл ана” атты тәрбие сағаттары өтті. 

6 сәуір күні мектебімізде жаңа форматты ата-аналар жиналысы оздырылды. Жиналыстың бірінші бөлімінде мектеп директоры Турегалиева А.З. мектеп тәртібі туралы айтып, оқушылардың көктем мезгіліндегі судағы қауіпсіздік, су тасқыны туралы мәселелеріне тоқталып өтті. Жиналысымыздың қонағы БҚО Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сінің дінтанушы маманы Куан Армат Құлымбетұлы ата-аналарымызға әлемде адам баласы теріс ағымдарға білместіктен кіріп адасып жатқандығын айтып, экстремизімнен сақтану жолдарын түсіндірді.Жиналыстың «Ашық диалог» бөлімінде ата-аналар пән мұғалімдермен жеке әңгімелесіп, мазалап тұрған сұрақтарына жауап алды. «Ашық диалог» бөлімінің басты мақсаты – оқушылардың оқу жетістіктері мен мінез-құлық ерекшеліктерін оңаша талқыға салу.Үшінші бөліміндегі сыныптық жиналысында үшінші тоқсан қорытындысы талқыланып, ата-аналар мен мектеп ынтымақтастығының стратегиялық бағыттары анықталды.

Мамырдың 23 күні жалпы мектепішілік жиналысы өтті. Жиналыста 2021-2022 оқу жылының қорытындысы, жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздігі, 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктер, 2022-2023 оқу жылындағы мектеп формасы сұрақтар талқыланды.

Халықаралық отбасы күніне орай 2022 жылдың 14 мамырында мектебімізде «Әр сәт – жаңа бастама» атты ашық есік күні өтті. Ата-аналар және оқушылар үшін психологиялық тренингтер ұйымдастырылып, сұраныс бойынша жеке және топтық бағыттарда кеңес берілді.

Ата-аналармен жұмысты талдау

«Күшті жақтары» «Әлсіз жақтары»
– Отбасы тәрбиесі бойынша жоспарланған шаралар 97% орындалуы -Ата-аналарға педагогика-психологиялық көмек көрсету (конференциялар, семинарлар, т.б.) Ата-аналар жиналысы қатысуы жеткіліксіз
«Мүмкіндіктер» «Қауіптер, кедергілер»
Ата-аналар үшін ашық күндерін ұйымдастыруАта-аналарға құқықтық білім беру бойынша жұмыс түрлерін жандандыру Ата-аналар тарапынан бала тәрбиелеуінде жеткіліксіз

Еңбек, экономикалықжәнеэкологиялықтәрбие.18 қыркүйек күні мектебімізде”World Cleanp Day 2021 “Birge – taza Qazagstan” бүкіл әлемдік акциясы өтті. Акцияға мектеп әкімшілігі, ұстаздар және кіші қызметкерлер қатысты.

Оқушылардың күзгі демалысын тиімді ұйымдастыру, балалардың табиғат пен жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, табиғатты қорғау және жан-жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту мақсатында 5 «В» және 5«Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері А.Алесова, З.Амангелдиева Облыстық Экологиялық биологиялық орталыққа барып қайтты. Балалар түрлі жан-жануарлар мен хайуанаттар, құстармен, балықтармен танысып тамашалады. Оқушылар облыстық экологиялық биологиялық орталықтың таныстырушысына түрлі сұрақтар қойып, жан-жануарлардың әлемімен танысып, көптеген қызықты мәліметтер алып, демалып қайтты.

Кәсіби-шығармашылық тәрбиесі.6 қазан күні 11-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында Орал қалалық Полиция басқармасының кадр саясаты бөлімінің инспекторы полиция капитаны Ч.А.Жусупов Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына түсуіне үгіт-насихат жұмысын жүргізді.

25 қараша күні мектебімізде ҚР ҰҚК ШҚ БҚО бойынша департаментінің подполковнигі Б.Имраилов және майор Ж.Джуматаев 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, жоғарғы әскери оқуға түсу үшін түлектерге кәсіптік бағдар берді.

4 ақпан күні 9-11 сынып оқушылары zoom платформасы арқылы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж өкілдерімен кездесті.

9-сынып оқушылары үшін ҚазИИТУ – ғылыми білім кешенінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

24 ақпан күні 9,10,11-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына қабылдау ережелерімен таныстырылды.

8 сәуір күні мектебіміздің 8-сынып оқушылары үшін Алматы қаласындағы “Арыстан” мамандырылған лицейінің өкілі полковник Аубакиров Амангелді Ниязбековичпен, Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие идеологиялық бөлімшесінің бастығы майор Ахметкалиев Куат Уразгалиевичпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға “Арыстан” мамандырылған лицейі туралы мәлімет берілді, лицейге түсу ережелері түсіндірілді.

8 сәуір күні 9-сынып оқушылары Орал қаласының Политехникалық колледжінің өкілі Курмангалиева Сагида Сериковнамен кездесті. Оқушыларға колледж туралыбейнеролик көрсетіліп, колледж даярлайтын мамандықтар туралы толық ақпарат берілді.

Көпмәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие. Мектебімізде көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша оқушылардың әстетикалық талғамын дарыту, әсемдікке қызығушылығын арттыру, сұлулыққа тәрбиелеу мақсатында “Күз кереметі” тақырыбында көкөністер мен жеміс-жидектерден жасалған қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

1 Мамыр Қазакстан халқының бірлігі күніне арналған “Достығымыз жарасқан” атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды, 7-8 сыныптар арасында «Бейбітшілік – ел тілегі» атты достық фестивалі өтті.

1 Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған “Ұлттар бірлігі” тақырыбындағы тәрбие сағаттары өткізілді.

Интеллектуалды тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу.

«Интернетті пайдаланудағы қауіпсіздік. Алтын ережелері» тақырыбында ата-аналар мен оқушыларға жаднамалар таратылды.

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында V бағыт «Оқу уақыты» , «Web – қауіпсіздік» желі саяхатының ережесін білесіз бе?» ақпараттық сағаттар немесе «Интернет желісіндегі қауіпсіздік» медиа сабақтарын ұйымдастыру 3-4: 5-6 сынып оқушыларымен өтті.

26 мамыр күні “Жұлдыздар шеруі” өтті. 2021-2022 оқу жылы бойынша оқу озаттарын және мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларда белсенділік танытқан оқушыларды марапаттау рәсімі өткізілмек.

Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арнап Қала күніне орай мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері мен оқушылары “Jaiyq Baik Fest” веложарысына белсенді қатысты.

30 қыркүйек күні Психикалық денсаулық орталығының бас наркологі Закиров Т.Ф. 8-11-сынып оқушылары үшін «Электронды темекінің зияны тақырыбында дәріс жүргізді.

Күзгі каникул кезіндегі балалардың демалысын, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында мектепішілік жоспары бойынша түрлі шаралар өткізілді. Волейбол, тоғызқұмалақ, футбол, дойбы ойындары, Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану мұражайына, “Атамекен” мәдениет сарайына экскурсиялар ұйымдастырылып, “Cinema Park”,  “Галактика”, “Kinoplexx”, “KINOCAFE” кинотеатрларға барып, “Sky Jump” батутты паркінде көңілді демалыстарын өткізді.

3 ақпан күні қалалық №2 емхананың салауатты өмір салты бөлімінің дәрігері Агулешев Ч.С. 8-11 сынып оқушыларына “Дұрыс тамақтану”, “Темекінің зияны” тақырыптарына түсінік жұмыстарын жүргізді.

9 ақпан күні қалалық №2 емхананың салауатты өмір салты бөлімінің дәрігері Агулешев Ч.С. 6-7 сынып оқушыларына “Туберкулезді алдын алу” тақырыбына түсінік жұмыстарды жүргізді.

Оқушылар өмірінің қауіпсіздігі.

Орал қаласының білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу, оқушылардың салауатты және қауіпсіз өмір салты мәдениетін қалыптастыру мақсатында “БҚО қауіпсіз жолдары” жобасы аясында ЖЖИ қалалық слетіне 7-сынып оқушылары “Біз болмасақ, кім?” тақырыбында бейнеролик ұсынды. 

Мектеп инспекторы С.Спашев «Наркотик және оның жауапкершілігі» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларына дәріс, «Қысқы уақыттағы қауіпсіздіктер және пиротехника» тақырыбында қауіпсіздікті сақтау жөніндегі әңгімелесу өткізді.

Сынып жетекшілер әдістемелік бірлестігінің жұмысы.

Мектепте тәрбие жұмысын жүйелі жүргізілуінің бір негізі сынып жетекшісінде.

1. Сыныптың тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жүзеге асыру және талдау;

2. Сынып жетекшілердің құжаттамасы.;

3. «Мейірім  мекені» жобасы;

4. Сынып жетекшінің әдістемелік шеберханасы.;

5. Баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

6. Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру.

«Жас Ұлан» ұйымының жұмысы.

2011 жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» ХДП XIII Съезінде Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылғы 6 шілдеде «Елорда күніне» арнап,  жастар ұйымдары көшбасшыларының бастамашыл тобы «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігін құрды.

Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.

Міндеті: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. – балалар мен жасөспірімдердің түрлі әлеуметтік топтармен өзара қарым-қатынасты реттеуінде жауапты шешім қабылдай алатын және өзіне жетекшілік рөл ала білетін, дербес жеке тұлға ретінде ашық ақпараттық, білікті, іскерлік және коммуникативтік әлеуметтік кеңістік құруды  ұйымдастыру;

– жас ұрпақтың өзінің рухани – адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі  мен денсаулығы үшін әлеуметтік құзыреттілік пен жауапкершілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау;

– жас қазақстандықтарды толеранттылық құндылықтар, келісімділік пен ұлтаралық қатынас мәдениеті негізінде тәрбиелеу;

– балалар мен жасөспірімдердің қоршаған ортаға, табиғатқа, экологиялық хал-ахуалға жанашырлықпен қарауға баулу  оң көзқарасын қалыптастыру;

– баланың интеллектуалды, рухани дамуының, тұлғалық, көшбасшылық қабілеттерінің жетілуіне ықпал етудің жаңа әдістемелерін жасау;

– қоғамда  «Жас Ұлан» ұйымы туралы оң пікір қалыптастыру.

Мектебімізде 26 мамыр күні «Білімді жастар – ел болашағы» атты «Озаттар, Жұлдыздар шеруі – 2022»  өткен болатын. Бұл шарада оқу озаттары мақтау қағаздарымен марапатталған болатын.

 №5 ЖББОМ кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша атқарылатын іс-шаралар

Мақсаты:  білім алушылардың оқу сауаттылығын және кітап оқуға қызығушылығын арттыру;

Міндеттері:

білім алушылардың оқу мәдениеті мен оқу белсенділігінің деңгейін өзара іс – қимыл және әлеуметтік әріптестік арқылы арттыру;

мектеп оқушыларының оқырмандық белсенділігін ұйымдастыру және оқушылардың сабақтан тыс іс – әрекеттегі оқырмандық қалауын ескере отырып, отбасылық оқуды насихаттау жөніндегі іс – шаралар жоспарын әзірлеу;

мектеп жобасын іске асыру үшін ата – аналарды іс – шараларға тарту;

балаларды оқуға тарту бойынша әдістемелік материалдар жинағын жасақтау.

Жобаның негізгі бағыты: «Мектеп – Мұғалім – Бала – Отбасы» желілікөзара әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

«Барлық пәндер арқылы оқу» мақсаты:Сыныптағы мағыналық оқу және мәтінмен жұмыс, сабақтың соңында кітап оқуға – 5 минут уақыт бөлу.

 «Классиканы оқы, жаратылыстануды танимыз»  кітап оқу Акциясы «Оқуға құштар мектеп» жобасы сыныптан тыс жұмыс «Қоршаған орта әлемі», «Біздің кіші ағаларымыз: қасқырлар»  орыс тілі және әдебиет пәні мұғалымі Утемиосва Жадыра 8 сынып оқушыларымен өткізді, тақырыпты слайд және қасқыр туралы әңгіме жазған жазушылардың шығармаларына көрме жасалды,фильм көрсетілді. 25.03.2022ж.

Сабақтың  тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ұлпан» романы.Биыл жазушы Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай 9 «ә» сынып оқушыларының қазақ әдебиеті сабағының соңына 5 минут қалғанда Ғ.Мүсіреповтың «Ұлпан» романын оқу, шағын мәтінмен жұмыс 16 наурыз,2022 жылы ұйымдастырылды.

«Көркем әдебиеттен Отандық тарих беттеріне»кітап оқу Акциясы5.10.2021ж.«Соғыс  жылдарындағы   Жубан  өлеңдері» Отан  үшін «Майдан  ақиқаты»  газеттерінде  әскери  тілші  міндетін  атқару  үстінде  Жұбан  жауынгер- журналист  ретінде  қалыптасып, қаламын  өткерді.Жұбан  ағамыздың  барлық  жинақтарына  еніп  жүрген  « Бір  бассаң да, алға  бас», «Біз  жеңеміз», «Қан басқан  қағаз» сияқты  өлеңдер  жазды. 4 сынып оқушылары жауынгер жазушы Жұбан Молдағалиев өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

10.11.21 жылы Партизандар.Жазушы- жауынгер, Халық  қаһарманы  Қасым  Қайсеновтың  туғанына  104 жыл. (1918-2007 ) толуына орай, Қ.Қайсеновтың «Жау тылындағы бала», «Жас партизандар» атты повестерін  таныстырып, оқу 7 «ә» сынып оқушыларымен ұйымдастырылды.

29.04.22 Қаһарман қолбасшы әрі көрнекті қаламгер – Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармаларын оқушыларға таныстыру, «Нақыл сөздері», «Қаһарман Бауыржан Момышұлы: фотоальбом», «Москва үшін шайқас»  орманын  оқу 8 сынып оқушыларымен ұйымдастырылды.

13.05.22ж. Жерлесіміз Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер- журналист, көрнекті ақын, сыншы, аударомашы, әдебиет зерттеушісі, көсемсөз шебері Сағынғали Сейтов «Жадымда жорықтардың жаңғырығы» атты тақырыптық кеш 8 сынып оқушыларымен ұымдастырылды.

21.09.21ж. Орал қалалық 16 кітапхана филиалымен бірлесіп, 5 сынып оқушыларымен «Бір ел – бір кітап» акциясы, «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап»рухани – мәдени акциясы, ұсынған балар жазушысы Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн» атты кітабын таныстыру, оқу ұйымдастырылды, соңында оқыған  әңгімеге сұрақтар қойылды.

Кітапханаға келіп тұскен жаңа көркем әдебиеттерге «New Best Book – оқырман олжасы»виртуалды көрмесі жасалды, мақсаты – жас ұрпаққа қазақ және әлем халықтарының озық көркем  шығармаларын насихаттау. 1 «а,ә,б,в» сыныптарын « Тез оқуды үйренеміз» жылдам оқу «БУ-ЫН-ҒА» бөліп оқимыз сериясы  – «Үш жалқау. Жолбарыс пен тышқан. Түлкі мен жолбарыс» қазақ халық ертегілері, «Шалқан», «Бауырсақ» орыс халық ертегісі, «Қияр мен орамжапырақ» неміс халық ертегісі, К.Ушинский «Күте біл», Л.Толстой «Шауқарғаның су ішкісі келіп еді. Көктем келді.Ең жақсысы кім?», «Көкте жастық сөгілді» жұмбақтар оқушыларға таныстырып, кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Нәтижесінде  1 «в» сынып оқушылары «Шалқан» орыс халық ертегісін сахналық театрландырылған қойлым көрсетті.

  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қазақ СССР-інің халық жазушысы,Ұлы Отан соғысына қатысушы (1941-1945жж) Хамит Ерғалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай ақын өлеңдеріне мәнерлеп оқу 5 «в» ұйымдастырылды. Оқушылар өмірі мен өлеңдерін жоғары дәрежеде мәнерлеп оқып жаттқа айтты.Жерлесіміз ақын Жанғали Набиуллиннің туғанына 85 жыл кітап көрмесіне бибграфиялық шолу 5 сыныптармен өтті. Осы жоба аясында 3 бағыт «Кітап оқу арқылы өзін – өзі дамыту», «Әдеби Ақжайық» жобасы бойынша 11 сынып оқушыларына жерлес ақын Ұлдай Сариеваның «Жапырақ ғұмыр», «Көке» атты кітабы таныстырылып, оқу өтті.

16.09.2021ж. Жерлесіміз ақын, жазушы Қайрат Жұмағалиевтың туғанына 83 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды, кітап көрмесіне бибграфиялық шолу болды.

22 қыркүйек 2 бағыты: «Еркін оқу кеңістігі», «Әжемнің ертегілері» бастауыш сынып оқушыларына үзіліс кезінде бір мезетте ертегі оқуын,«Бір сынып – бір ертегі» айдарымен жаңа келіп түскен «Менің сүйікті ертегілерім» сериясындағы «Кейіпкерлер ғаламшарлары», «Ғажайыптар мен сиқырлы патшалығы», «Ертегілер ғаламшары» атты ерегілері таныстырылып, сыныппен оқу 4 «ә» ұйымдастырылды.

5 қазан қазақ ақыны,жерлесіміз Жұбан Молдағалиевтің туғанына 101 жыл толуына орай «Жұбаным, деші  Жайығым» атты тұрақты кітап көрмесі ұымдастырылды. Жұбан оқулары әр сыныпта «Жұбан деп жырлайды жүрегіміз» атты жыр кеші өтті. Оқушылар өздерінің ұнаған өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды.

 6 қазан  Ж.Молдағалиевтің 101 жыл толуына орай, Үзілдік Елеубайқызымен «Жұбан жайлы сыр шертемін» сұхбат,онлайн форматта,зум платформасы арқылы өтті, зумға әр сыныптан қатысты, қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімдермен бірлесіп жасалды.

«Кітаппен өткен демалыс күндер қызық» Кітап оқу марафоны күзгі 1.11-7.11(7 күн),қысқы 30.12-9.01(11 күн),көктемгі 19.03.-30.03(12 күн) демалыс кезінде қашықтықтан кітап оқуды ұйымдастылды

2.11.21ж.«Бір ел – бір кітап» акциясы «Тәуелсіздігіміздің – 30 кітап» рухани- мәдени акциясы ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, аудармашы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл (1841-1889) кітап көрмесіне библиографиялық шолу, 9 «а», 7 «б» сынып оқушыларымен өтті.

15.11.21ж.«Бір сынып – бір кітап» 15 қараша балалар ақыны Қастек Баянбай туғанына 85 жыл толуына орай Қ.Баянбай «Егіздер», «Араша» кітаптарын таныстырып, бір сыныппен оқу 5-7 сынып оқушыларымен кітап көрмесіне библиографиялық шолу өтті.

4 желтоқсан «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Менің үй кітапханамдағы кітаптар» виртуальды кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітабы көп үй өзгеше сәнімен көз қызықтыратыны белгілі. Оқушылар өздерінің үй кітапханасындағы кітаптармен виртуалды түрде бөлісті. Кітап әлем – ой әлемі.Балалардың кітап оқуға деген көзқарасының олардың оқырмандық мәдениетінің артуы – көп жағдайда ата- анасынан алған үлгіге байланысты. Кітап қорын жинаған ата- аналарына ағыс білдірілді.

8.12.21ж. «Бір ел – бір кітап» акциясы, «Тәуелсіздігіміздің – 30 кітап» рухани- мәдени акциясы. Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Жекпе- жек» хикаяты таныстырылып, дауыстап оқу  6 «а,ә» сынып оқушыларымен үзіліс кезінде бір мезетте ұжым мен кітап оқу, «20 оқыда, 3 минут эссе жаз» ұйымдастырылды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына «Тәуелсіздік – таң нұры», «Желтоқсан желі» атты тақырыптық әдеби көрме оқу залында ұйымдастырылды.

2 бағыт «Еркін оқу кеңістігі», «Кітаппен өткен демалыс күндер қызық» кітап оқу марафоны қысқы  демалыс кезінде қашықтықтан кітап оқу ұйымдастырылды. Қатысқан оқушылар:5 «в» Алесова Назерке, Ұлдан Жанель, Нұрлан Інкәр, Азрбаева Альбина, 7 «б» Тұралы Ахмет.

14.02.22ж.3 бағыт «Кітап оқу арқылы өзін – өзі дамыту», «Бір сынып – бір кітап» библиофлеш Халықаралық Х.Андерсон атындағы, Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлықтарының иегері балалар жазушысы Марат Қабанбаевтың «Жиһанкез Тити» (1982) әңгімесіне 20 минут оқып, эссе жазу 5 «а,б», 6 «ә» сынып оқушыларымен өтті.

25.02.22ж. «Өзің оқып, өзгеге ұсын!»READx book жобасы 8 сынып оқушыларымен өтті. Қасқырлар жайлы кітаптарды Джек Лондонның «Белый Клык», «Зов Джунгли»  оқыған кітаптарын достарына айтып берді.

«Бізбен бірге оқиңыз», «Суреттер сөйлейді..» атты байқау жарияланды 1.02.-28.02.2022ж. Оқыған көркем суретті ертегілер желісі бойынша эссе немесе әңгіме жазу, сурет салу.1-7 сыныптар арасынан 44 оқушы қатысты. Сурет салудан: «Үздік суретші», «Сурет шебері» номинациялар берілді 12 оқушыға. «Жас шабыт», «Жас толқын» номинациясы ертегі құрастырып кітапша жасағандарға 17 оқушыға берілді. «Шебер» номинациясы эссе жазған  15 оқушыларға берілді.

 «Әдеби Ақжайық» жобасы аясында қазақ тілі және әдебиет пән мұғалімдерімен бірлесіп, жерлес ақын Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармасына «Тау тұлғалы – Қадыр ақын» атты әдеби – сазды кеш өтті, ақынның өлеңдерін мәнерлеп нақышщына келтіре оқып, әндері көрермен көңіліне әсем сезім сыйлады. Шығармашылығы сөз болып, оқушыларға танымдық ақпарат та берілді. Шара жоғары деңгейде өтті. Instagram – sosh _2, Facebook – Ж.Молдағалиев салынды. Осы жоба бойынша 8 наурыз аналар күніне орай 3-4 сынып оқушылары өз аналары туралы эссе жазды. Биыл 2022 жыл – «Балалар жылы» және «Оқуға құштар мектеп» жобасындағы «Бір кітап – бір сынып» библиофлеш, балалар жазушысы Ескен Елубаевтың туғанына 80 жыл толуына орай 1-4 сыныптармен өтті.1-4 сынып оқушылары өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Е.Елубаевтың шығармасы желісімен «Саған күшік керек пе» шығармасы желісімен кино фильм түсірген,дәл осы фильм Сочиде өткен кино фестивальде ең мейрімді фильм жүлдесін иеленді. Соңында осы фильм көрсетілді. Бастауыш сынып оқушыларының ата аналарымен «Отбасымызбен кітап оқимыз» кітап оқу акциясы ұйымдастырылды. 2 бағыт «Еркін оқу кеңістігі», «Әжемнің ертегілері» оқу марафоны «Наурыз» мерекесінде  1 «а» сынып оқушыларының әжелері қонақта болып: Балжұмсақ, Жұпар, Алия. немерелеріне ертегі оқып берді.

2 бағыт «Еркін оқу кеңістігі», «Кітаппен өткен демалыс күндер қызық» кітап оқу марафоны көктемгі демалыс кезінде қашықтықтан кітап оқу ұйымдастырылды. Қатысқан оқушылар: 5 «а» Қайбалдиева Ельнара, Ануарова Ботагөз, 8 «а» Гайсин Қайнар.

6 сәуір күні ата- аналар жиналысы оздырылды. Жиналыста «Баланы кітап оқуға баулудағы ата- ананың үлгісі» атты тақырыптық баяндама оқылды.

«Буккросинг» өзің оқы, досыңа бөліс акциясы

14.10.21ж., 9.12.21ж., 16.03.22ж. Web – қауіпсіздік»: желі саяхатының ережесін білесіз бе?» ақпараттық сағат 3-4,5-6 сыныптармен өтті.

 «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Менің үй кітапханамдағы кітаптар» виртуальды кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітабы көп үй өзгеше сәнімен көз қызықтыратыны белгілі. Оқушылар өздерінің үй кітапханасындағы кітаптармен виртуалды түрде бөлісті. Кітап әлем – ой әлемі.Балалардың кітап оқуға деген көзқарасының олардың оқырмандық мәдениетінің артуы – көп жағдайда ата- анасынан алған үлгіге байланысты. Кітап қорын жинаған ата- аналарына ағыс білдірілді. «Көркем әдебиеттен Отандық тарих беттеріне» кітап оқу Акциясы, Ұлы  Жеңіс күніне орай  Батыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында «Ешкімде де ұмытылмайды» тақырыптық слайд 5 сынып оқушыларына көрсетілді. «Әдеби Ақжайық» жобасы Жерлесіміз Ұлы Отан соғысының ардагері, майдангер- журналист, көрнекті ақын, сыншы, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, көсемсөз шебері Сағынғали Сейтов «Жадымда жорықтардың жаңғырығы» атты тақырыптық кеш 8 сынып оқушыларымен өтті. Оқушылар өмірі мен шығармасымен танысып өлеңдерін жатқа айтты.

3.05.22ж – 24.05.22ж. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты кітап оқу Акциясы 5-6 сыныптармен өтті. Оқушыларға жерлес ақын- майдангер С.Сейітовтің өмірі мен шығармаларын таныстырып, өлеңдерін дауытап оқыды.

Қорытынды:

Оқушылардың кітап оқу қызығушылығын дамыту және қолдау. Соның ішінде мектеп кітапханасы – оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту. «Отбасылық оқудың дәстүрлерін қолға алу.

Классикалық әдебиетті оқып, білім көкжиегін кеңейту. Классиканы оқып, сөз әсемдігі, ой тереңдігімен тамсанып, сол арқылы өмірдегі жаңа ой түйінін, рухани тәжірибе мен шабыт алып, толықтыру.

 «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Жазғы  мектеп» кезеңіндегі ұйымдастырылатын іс – шаралар есебі

 Мақсаты:

 – оқырмандарға таза ауада кітап оқу қызықты ғана емес,пайдалы, сонымен қатар ыңғайлы;

 –  мектеп кітапханаларының оқырмандары жазғы оқу залының қонағы бола алады;

– мектеп кітапханалары оқушылар мен ата-аналарды көшеде кітап оқуды көңілді және пайдалы уақыт өткізуге шақырады.

Кітап көрмеге әртүрлі жанрдағы әдебиеттер қойылды. Ертегілер, Комикс Ұлы дала аңыздары сериясындағы  кітаптар,«Әлем әдебиеті», балалар әдебиетінің інжу – маржандары жасөспірімдерге  арналған шығармаларды оқушыларға таныстырып, оқу ұсынылды. Оқушылар қызығып оқыды, соңында  Қамбар батыр туралы видео көрсетілді.

30.05.22 ж. Жерлес жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1967) Х.Есенжановтың «Жайын ілерде» әңгімесі 6 сынып оқушыларына таныстырып, дауыстап оқу, түсінгенін әңгімелеп берді. Жазушының өмірі мен шығармасы насихатталды. Қазақ ертегілері. (Құраст. Е.Дүйсенбайұлы).-Алматы: Жазушы, 2009.-320 бет. Жайық пен Еділ.Ертегі.,142-143 бет.

31.05.22 ж. Ертегі «Жайық пен Еділ», «Еділ мен Жайықтың құдалығы» ертегілері қиял – ғажайып, аңыз ертегіні 4 сынып оқушыларымен өтті, Ертегі дауыстап оқыды. Оқушыларға ертегідегі оқиғаны барынша ғажайып етіп, көркемдеп, әрлеп баяндауға үйрету. Ертегіні ойдан шығарылған, таңғажайып оқиғалы әңгіме. «Жайық пен Еділ» сол кездегі қоғамдық түсініктері мен салтын, әдет – ғұрыпын, яғни сол заманғы шындығын өзінше бейнелеген, соңында «Шыңғырлаудың жеті кереметі» атты видео көрсетілді.

2.06.22 ж. «Менің болашақ кітапханам»оқушылар өздері ойлағандай кітапхана сұлбасын жасау., қорғау. 8 сыныптармен өтті.

Оқушылардың кітапхана туралы өз ойларын, сұлбаға салу, қорғау. Болашақта кітапхананы қандай болғанын қалайды,өз ойлары.

Кітапхана – мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырады. 8 сынып оқушылары 2 топқа бөлініп жұмыс жасады.

3.06.22ж. Кітапхананың жазғы террасасы.Дауыстап кітап оқу. 3- 4 сынып оқушыларымен Жұбан ескерткіші мектеп ауласында өтті.

Мақсаты: Оқушылар көркем әдебиеттерді оқуға насихаттау. Оқушыларды кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.

Кітап көрмелері ұйымдастырылып, өздері қалаған әдебиеттерді  дауыстап оқыды.

Мақсаты:Оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастыруды үйрету. Байланыстырып, жүйелі, мазмұныды әңгімелеуге қалыптастыру,  1-2 сынып оқушылары: 7 топтасқан суреттер берілді. Осы суреттерге тақырып, мәтін құрастыру керек. 1 – Қарға мен апельсин, 2 – Кірпі саяхатта достарымен, 3 –  Шие бағы, 4- Тауық балапандары және мысық, 5- Борсық балық аулауы, 6 –  Бауырсақ, 7- Ханшайым, осылар тақырып таңдады, әр суретті жақсылып әңгімелеп берді.Соңында Жұмбақ шешті.

9.06.22 ж.STORYTELLINGХикаяны қалай қызықтырып айту керек?

Хикая – араб тілінен аударғанда әңгімелеу . Хикая- шығыс-түркі әдебиеттерінде әңгіме, новелла мағынасында қолданылатын әдеби термин. Хикая – повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр. Xикая желісі шытырман сюжетке құрылады. Авторлары белгісіз. ауызша тарап, фольклорлық сипаталған Xикаялар да бар. Хикаяның өлеңмен жазылған түрі “хикаят” делінеді.

Оқушылар өздері оқыған хикаяларын айтып берді. Соңында Ер Тарғын анимациялық Отандық фильм көрсетілді.

13.06.22ж. Кітапхананың жазғы террасасы.Дауыстап кітап оқу. 3- 4 сынып оқушыларымен Жұбан ескерткіші мектеп ауласында өтті.

Мақсаты: Оқушылар көркем әдебиеттерді оқуға насихаттау. Оқушыларды кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.

Кітап көрмелері ұйымдастырылып,өздері қалаған әдебиеттерді  дауыстап оқыды.

Әлеуметтік қызметінің жұмысы.

Әдістемелік тақырып: «Ұжымдағы оқушылар арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру»

Мақсаты: оқушыларға әлеуметтік көмек ұйымдастыру, тек көмек күтуші емес проблеманы шешу үшін өздігінен жол табуына көмектесу, рухани жан дүниесін танып білу, қатарға қосу жұмыстарын ұйымдастыру.

Міндеті: көмек қажет ететін балаларды анықтау, кәмелетке толмағандардың, ата-аналардың құқықтық тәрбиесін ұйымдастыру.

Оқу жылы басында көп балалы, аз қамтылған және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың тұрмыстық жағдайын зерттеу мақсатында мектеп әкімшілігінен комиссия құрылып, үйлеріне барып, тұрмыстық әлеуметтік жағдайлары тексерілді, акт толтырылды.

 6 қараша күні кіші педкеңесте мектеп оқушылары арасындағы жетім және  ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау жөнінде баяндалды.

  Қараша айында нашақорлық күніне байланысты 5-8 сынып оқушылары арасында сурет көрмесі оздырылды. Сонымен қатар 5 қарашада 8 сынып оқушылары арасында «ЖҚТБ деген не?»  атты дөңгелек үстел өткізілді.

Психологиялық қызметтің мақсаты – оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік – психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға  қашықтықтан онлайн және офлайн кезінде  психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің міндеттері:

оқушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін- өзі тәрбиелеу және өзін -өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;

ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету

психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуметін дамыту;

психологиялық қиыншылықтармен оқушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;

оқушылардың психологиялық денсаулығын сақтау

психологиялық проблемаларды шешуде және оқу тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата –аналар мен педагогтерге консултациялық көмек көрсету;

білім беру үдерісі субектілерінің психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін көтеру.

Психолог жұмысының негізгі бағыттары

Психологиялық профилактика.

Мақсаты: тұлғаның психикалық және тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.

Психологиялық диагностика.

Мақсаты: тұлғаның жеке және жас ерекшелігін, сондай-ақ тұлғааралық өзара әрекет ерекшеліктерін зерттеу.

Психотүзету және дамыту.

Мақсаты:оқушының психикалық және тұлғалық дамуындағыауытқуларды болдырмау, жалпы оқу бағдарламасымен біліктілікті дамыту.

Психологиялық консультация.

Мақсаты: педагогикалық процесстің субьектілеріне кеңес беру.

Психологиялық білімді көтеру.

Мақсаты: педагогикалық үрдіске қатысушылардың психологиялық мәдениетін көтеру.

Жұмыс бағыттары:

Алдын алу.  Оқушыларды жан – жақты зерттелеу үшін, жаңадан келген оқушылардың іс қағаздарымен танысып, әңгімелесу, бақылау жұмыстары жүргізілді.

Бейімделуге ыңғайлы психологиялық жағдай жасалып мектепке дейінгі кезеңнен бастауышқа, бастауыштан орта буынға өту кезеңі бақылауда болды. Психологиялық қызмет жүйелі түрде   ұйымдастырылып, түзету- дамыту қажет оқушылармен түрлі жұмыстары жүргізілді.

Жасөспірімдерге салауатты өмір салтын қалыптастыру психологиялық қолдау, кеңстер беріп, тренингтер оздырылды.Оқушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтарына талдау жасау мотивтерін анықтай отырып, алғашқы кәсіби жоспар жасауға көмектесу. Оқу жылы басында, ата-аналармен қашықтықтан психологиялық  кеңестері бейнебаяндар жіберіліп, ZOOMжелісінде ата-аналар жиналысы оздырылды.

Диагностика  Психологиялық бейімделу кезеңі, сабақтастықты қолдау мақсатында кезекші сыныптарға, 1 сыныптарқа бекітілген жоспар бойынша танымдық процестерін диагностикалау жүзеге асырылды. 1 сынып оқушылардың  мектепке дайындығының деңгейін анықтау мақсатында психолгиялық диагностика 1. Керна –Йрасек тестісі бойынша мектепке жетілгендікті анықталып, түзету-дамыту шаралары өтті.Таным процестерінің деңгейін анықтау мақсатында, 1 сыныптарында психологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді.

 Оқушылардың бойындағы қобалжу деңгейін және қобалжудың қай түрі басым екендігін анықтау мақсатында Филипс әдісі «Қобалжу» (4- 5сын -22 сұрақ), Кондаш  әдістемесі «Қобалжу»    (9,11 ) әдістемесі өткізіліп анықталды.   СБА  сауалнамасы 8,9,11- сыныптарға өтті. Сауалнама нәтижесі бойынша жеке кеңес, арт терапия, түзету дамыту жұмыстары өткізілді.

 Агрессия, кәсіби бағыттылығын, депрессивтік жағдайдын, тұлғааралық қарым- қатынас зерттеу бойынша жүргізілді. «Агрессия белгілері»сауалнама (1 – 5 сыныптар),  Депрессивтік жағдайды диагностикалау Зунге, Т. И.  Сұраныс бойынша (Қосымша есепте көрсетілген).

Коррекция Оқушының қобалжу мен үрейін бәсеңдетуге арналған психологиялық 5 сынып оқушыларымен «Өз қорқынышыңды жеңе біл» атты тренинг, 1  сынып және жаңадан келген оқушылардың бейімделуіне араналған ойын жаттығулар өткізіліп,  ұсыныстар берілді.  Зиянды әдеттер және олардың жасөспірім ағзасына әсері Сауалнама: «Зиянды әдеттер», Дәрістер: «Емиханға қалай дайындалу керек», «Сабаққа әзірлену орнын қалай ұйымдастыру керек», «Тамақтанудың тиімді жолдары» т.б. барар алдында өзін -өзі ұстау , қобалжуды қалыпқа келтіру жаттығуылары, . Баяндама: Буллинг . Жасөпірімдер арасында суицидке итермелейтін әрекеттің алдын алу. Әңгімелесу :»Ең алдымен қауіпсіздік» т.с.с. іс шаралары жылдық, айлық  жоспарға сай өткізілді.

Инклюзивті білім беруде жеке жоспар бойынша түзету –дамыту жаттығулары оздырылды Таным процестері төмен деңгейін көрсеткен оқушылармен жоспар жасақталып, түзету және дамыту жұмыстары жүргізілді.  «Тыныс алу », Мидың жарты шарларын дамытуға арналған кенесиологиялық жаттығулары жүргізіліп, жаттығу пайдасы туралы түсінік беріліп отырды.«Жақсы көңіл-күй жан тыныштығы» тренинг сабақ,  Нерв жүйесін қалыпқа келтіру жаттығуы:  Стресспен қалай  күресуге болады?» өткізіліп, оқушылар белсенді қатысты.

Психологиялық кеңес беру жұмысы: Жеке кеңске келген оқушы, ұстаз, ата-анаға ұсынстар берумен қатар проективті әдістемелер: «Менің отбасым», «Әлемде жоқ жануар», «Жаңбыр астындағы адам» т.с.с. жүргізіліп,  «Қуыршақ» терапиясы, «Фото» терапия, әртүрлі  арт-терапия түрлері өткізілді. Өздерінің ішіндегі қобалжуды сырқа шығаруға үлкен ықпалы болды. Оқушылардың  тәрбие және даму мәселелері жөнінде педагогтармен және ата – аналарға кеңестер, жаднамалар берілді.  Оқушылардың қашықтан оқуға, мектеп өміріне дайындау, мазасыздануын алдын алуда кеңес берілді. Ерікті сұраныстары бойынша кеңестер. Сынып жетекшілеріне жеке кеңестер берілді. Сынып  жетекшілер жиналысында           Баяндама: Буллинг, Кибербуллинг. Жасөпірімдер арасында суицидке итермелейтін әрекеттің алдын алу  туралы ақпарат берілді.

Ағарту: «Бейімделу кезіндегі 5- ші  сыныптағы қиындықтар» тақырып бойынша жаднама таратылды. Ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру үшін психологиялық көмек көрсетілді және арнайы жасқа сай әр сыныпта жаднамалар,  нұсқаулар таратылды. Психологиялық денсаулықты сақтау мұғалімдерге арналған жадынамалар, бейне жаттығулар берілді. Оқушылардың психикалық денсаулығын сақтау және зорлық-зомбылықпен суицидтік мінез-құлықтың, булиннгтің алдын алуға кеңестер берілді, педагогикалық кеңесте дәріс оқылды.

Барлық сынып оқушыларымен жас ерекшеліктеріне қарай арт –терапиялық әдістерді қолдану арқылы түрлі қызығушылықты арттыратын жұмыстар   оздырылды. 

Жумабаева Мирамгуль Утегалиевнаның «Оқшауланған балалармен жүргізілетін психологиялық түзету -дамыту жұмысы» атты әдістемелік құралы 2021 жылдың қараша айында Алматы баспасынан жарыққа шықты.          

Ата-аналардың психологиялық білімін жетілдіру үшін психологиялық көмек көрсетілді және арнайы жасқа сай әр сыныпта жаднамалар,  нұсқаулар берілді.

Қатерлі топ балаларын анықтау мақсатында сынып жетекшілермен әңгіме жүргізілді.

«R» топ оқушылар туралы  сынып жетекшілермен әңгіме жүргізілді. «R» топ оқушыларымен жоспарға сай диагностикалық зерттеу нәтижесіне байланысты түзету-дамыту, психологиялық қолдау жұмыстары жүргізіліп отырды.

Ата – аналармен жүргізілген жұмыстар.  Психологиялық қызмет жоспарына сай ата-аналара арналған жиналыстарда ақпаратық хабарламалар, кеңестер, жеке кеңестер оздырылып отырды.    

Оқушылардың үйдегі оқу әрекетіне, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына жағдай жасай отырып, бақылау, қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді. Баланы қашықтықтан оқыту бойынша мектеп психологінің кеңестері «Интернетке тәуелділік қайдан шығады?» онлайн вебинар. «Зорлық –зомбылықсыз үй» ата-аналармен Баланың компьютермен жұмысы барысында шаршағанды басатын ұсыныстар (бейнеролик) оздырылып отырды. whatsapp желісінде ерікті сұранысқа, өтініштерге орай оқушыларға, ата – аналарға және мұғалімдерге жеке консультациялық кеңестер берілді. Ата – аналарға балаларының мінез – құлқының аяқ асты өзгеруі, баланың қоршаған ортамен  қарым – қатынас мәселесінің қиындық тудыруы туралы секілді сұрақтармен келгендерге психологиялық кеңестер, ұсыныстар, қолдаулар жүргізілді.

Психологтардың жүргізген жеке психологиялық кеңесінің саны  (Оқушы -125; Ата-ана -50; Мұғалім -34)

2021-2022 оқу жылы қырүйек айынан «Білім алушылардың  әлеуметтік мобильдігін арттыруда психологиялық қолдау» жобасыенгізіліп, іске  асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Іс-шара жоспарына сәйкес, жобаның барлық компонентері 3 модуль бойынша жүргізілді.

Мақсаты: жасөспірімдердің эмоционалды ерік жігері мен әлеуметтік интелектіні дамыту.

Жоба жасөспірімдердің психикалық саулығын нығайтуға,  әлеуметтік және эмоционалдық қарым – қатынасты дамытуға, эмоционалды жағымды ахуал қалыптастыруда ықпалы мол, нәтижелі. 

Бірінші модуль

Мақсаты: жасөспірімдердің әлеуметтік интеллектісі мен эмоциялық – ерік саласының даму деңгейін зерттеу.

2021ж қазан айынан бастап кезекші сыныпқа ауысқан 9,11 сынып оқушыларына, зерттеу жұмыстары жүргізілді, жүргізілген жұмыстар бойынша қорытынды  анықтама жасалды. диагностикалар жас ерекшеліктеріне сай. СБА (ИСН) , Кондаштың «Әлеуметтік-ситуациялық мазасыздық шкаласы», Психикалық жай-күйдегі  өзіндік бағалау Айзенк бойынша, Кәсіби бағдарын  анықтау тестілері т.с.с.  әдістемелер қолданылды. Оқушылардың әр дианостика нәтижесі бір таблицада ыңғайлыжинақталып жазылды.

Екінші модуль «Түзету –дамыту іс –шаралары».

Мақсаты: көңіл-күйді дамыту, қарым-қатынас орнату, өзін-өзі бақылау және агрессивті әсерге төтеп беру тәсілдеріне үйрету , кәсіби өзін-өзі анықтау үшін жағдай жасау, психологиялық ахуалын жақсартуға арналған  іс-шараларын ұйымдастыру арқылы мектеп білім алушыларының психологиялық саулығын қалыптастыру.

Түзету –дамыту іс-шаралары оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін, олардың қызығулары, қабілеттері, сезімі, қарым-қатынасын, қызығушылықтарын, өмірлік жоспарларын дамытуға септігі зор. Баланың қалыпты дамуы үшін ересектер және құрбыларымен оңтайлы қарым-қатынас жасау негізі ретінде жайлы психологиялық ахуал қалыптастыруда.

«Мен шын мәнінде қандаймын?», Өзінің және өзгенің агрессиясын қалай жеңуге болады? «Менің мамандығым – менің болашағым» атты түзету дамыту іс шаралары өтті. Балалар белсенді, қызығушылықпен қатысты. Алда да, жақсы нәтижесін беретін «Менің ішкі әлем картасы»,  «Менің елтаңбам және ұраным» т.с.с. арт терапиялық жұмыстар жүргізілді.

Сыныптағы әр өткізілген психоағарту және алдын алу жұмыстарының  қорытындысы арнайы топтық тіркеу журналына жазылды.

Үшінші модуль бағытында«Ақпараттық – ағартушылық, кеңес».

Мақсаты:жасөспірімдердің эмоционалды ерік жігері мен әлеуметтік интелектіні дамытда ақпараттық ағартушылық іс- әрекетті ұйымдастыру.

Психологиялық ағарту – бұл үлкендердің және балалардың психологиялық біліммен қатынасы. Психологиялық ағартудың баланың психикалық дамуының сәтті шарттарымен мұғалімдерді,  ата-аналарды таныстырылды.

 Психологиялық ағарту әр түрлі формада болуда дәріс, практикалық сабақтар,  семинар,  әңгімелеу, арт- терапияны қолданылуда. Бұл жұмыстарға тәрбие бөлімімен, сынып жетекшілермен, басқа мамандарды шақырып өткізілуде. Психологиялық ағартудың психологиялық консультация (кеңес беру) ата-анаға, оқушыларға, мұғалімдерге берілуде. Кеңес беру жұмыстары конфиденциалды түрде жүргізілді.

«Қауіпсіз балалық шақ» дәріс.

«Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша нұсқаулық»

«Зорлық-зомбылықсыз үй» жадынама, «Жасерекшелік психологиясы»,  «Үлкен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері» – дәріс жаднама  т.с.с ағарту іс шаралар  жоспар бойынша жүзеге асырылды.

Қатерлі топ балаларын анықтау мақсатында сынып жетекшілермен әңгіме жүргізілді.

«R» топ оқушылар туралы  сынып жетекшілермен әңгіме жүргізілді. «R» топ оқушыларымен жоспарға сай диагностикалық зерттеу нәтижесіне байланысты түзету-дамыту, психологиялық қолдау жұмыстары жүргізіліп отырды.

Қорытынды: жалпы 2021 – 2022 оқу жылында жүргізілген психологиялық жұмыстары, cонымен қатар  «Білім алушылардың  әлеуметтік мобильдігін арттыруда психологиялық қолдау» жобасы 3-ші жыл, ал «Мейірім мекені» жобасы 2-ші жыл өз жұмысын жалғастырды. Жобада үш модульдік бағыт  жасөспірімдердің психикалық саулығын нығайтуға,  әлеуметтік және эмоционалдық қарым – қатынасты дамытуға, эмоционалды жағымды ахуал қалыптастырды. Оқушылардың мектепке, оқуға, пәнге деген көзқарастары, қызығушылықтары қанағаттаналық деңгейде. R тобындағы оқушылармен жұмысты жалғастыру. Оқушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін -өзі дамыту қабілетін дамыту үшін ата-ана, пән мұғалімдермімен бірлескен түрде жұмыстар жүргізу.

Алдағы уақытта психологиялық қызмет мынадай жұмыстарды іске асыруды жоспарлайды:

Жоспар бойынша әрі қарай өзіндік жұмыстарды жетілдіру;

Педагогтармен, оқушылармен жүргізілетін бес бағыт бойынша жұмыс мазмұнын жалғастыру;

Педагогикалық-психологиялық қолдау жұмыстарын балалармен жұмыстану барысында жан-жақты қалыптастырып, педагогтармен, сынып жетекшілерімен өзара біріккен іс-әрекетті дамыта түсу. 

Қорыта келгенде келесі оқу жылына белгіленген ұсыныстар:

1. Ата-аналар үшін ашық күндерін ұйымдастыру.

2. Ата-аналарға, оқушыларға құқықтық білім беру бойынша жұмыс түрлерін жандандыру.

3. Пікірсайыс, өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысын белсендіру.

4. Мектеп мұражайының жұмысын күшейту.

5. Басқа  мектептермен тығыз байланыс жасап, достық көпір ұйымдастыру.

6. Ата – аналармен мектепішілік шараларды көптеп ұйымдастырып оларды тарту.

7. Жеке кәсіпкерлермен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына яғни, көмекке мұқтаж отбасы балаларына киім-кешек, оқу құралдары т.б. материалдық көмектер көрсетуді ұйымдастыру.

8. «Білім алушылардың  әлеуметтік мобильдігін арттыруда психологиялық қолдау» және «Мейірім мекені» жобалары бойынша жұмыстану. Оқушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету шараларын жүргізу.

9. Оқушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін дамыту үшін ата-ана, пән мұғалімдермімен бірлескен түрде жұмыстар жүргізу.

10. Психологиялық қызмет бойынша қалалық семинарларға қатыса отырып, өз білімдерімізді жетістіріп, іс тәжіребилерімен бөлісу. Шығармашылық бағытта жұмыстану, іс тәжірибе тарату мақсатында газет журналдарға мақалаларын жариялау.

11. Сынып жетекшілерге оқушыларды үнемі назарда ұстау. Демалыс (каникул) уақыттарында да жағдайларын біліп хабардар болу. Өз тарапымнан оқушыларға, мұғалімдерге психологиялық қолдау көрсету.




МЕКТЕП БОЙЫНША САНДЫҚ МӘЛІМЕТ

ОҚУШЫЛАР

1134

ТҮЛЕКТЕР

1485

МҰҒАЛІМДЕР

84

ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ


МЕДАЛЬ ИЕГЕРЛЕРІ

3

ҮЙІРМЕЛЕР

2

СЕКЦИЯЛАР

5